Жүргізуші егде жастағы әйелді қағып кетті
Өскемен қаласында шетел автокөлігінің жүргізушісі егде жастағы әйел адамды қағып кеткен
Апат нәтижесінде ауыр жарақат алған азаматша дереу ауруханаға жеткізілді. ЖКО Согра ауданындағы Егоров көшесі бойында орын алды.
23 жасар Kia автокөлігінің жүргізушісі алдында келе жатқан жеңіл көлікті басып озамын деп, соқтығысып, артынша жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
ШҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Следующая →