Өскеменде жеңіл автокөлік иесі жүк көлігі мен КамАздың ортасында қысылып калды
Жүргізуші екі көліктің ортасынан өтіп кетпек болған, алайда арақашықтықты өлшей алмай өз көлігімен қысылып қалған
ЖКО 19 желтоқсан күні кешкі бес шамасында Мызы мен Протозанова көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Hyundai автокөлігінің иесі ворошилов көпіріне беттеп бара жатқанда бағдаршамда тұрған КамАЗом бен ГАЗ-53 арасынан өтіп кетпек болған.
Алайда жеңіл көлік иесі жүк көліктерінің арасындағы арақашықтықты өлшей алмай арасына қысылып қалған.
Бұл өңірде көлік қозғалысы тоқтап, ЖКО артынан бірталай кептеліс пайда болды. Оқиға орнына жедел жәрдем, полиция және Hyundai жүргізушісі өз көлігінде қамалып қалды деген хабарлама түскен ТЖ қызметкерлері келген. Ер азамат шынымен есіктен шыға алмай қалған. Алайда бұл ЖКО-да ешкім жапа шекпеген, жеңіл автокөлік иесіне дәрігерлік көмек те қажет болмаған.
ЖКО орнында хабарлағандай, полиция қызметімен хаттама толтырылғаннан кейін көлік иелері өздері қайтып кете алады. Бұл оқиғада көліктер біраз тырналып, біраз жері майысып қалған.
Следующая →
Тақырыптар:
ДТП в Усть-Каменогорске