Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Көлік қандай себептерден өртенеді?

Жылыту кезеңі бастала салысымен өрт сөндірушілердің жұмысы қыза түседі. Биыл қыстың ерте түсуіне орай күтпеген жерден оған дайындық та жылдамдай түсті

«Асығу сайтанның ісі» демекші, оның да кеселі білінеді. Әсіресе, үйлер мен көліктердің де өртенуі жиілемесе, кемімей тұр. Өрт сөндіруші мамандар өрттің шығуын анықтау жолдары және көліктің өртену себептері туралы хабарлайды.

- Өрттің шығу себебін анықтау үшін жанудың алғашқы тұтану орнын - өрт ошағын анықтау қажет. Яғни, қандай болсын тотықтыратын ортада, әдетте ауада тұтану көзі заттың жануына алып келеді. Сәйкесінше, өрт ошағы аймағында өрттің себебі туралы басты ақпарат болады, - дейді ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті басшысы, полковник Нұрлан Мадьяров. - Өрт фактісі бойынша өрт обьектісін сарапшы мен тергеп-тексеруді жүзеге асыратын тұлға, яғни, инспектор немесе тергеуші арқылы іске асырылады. Түрлі конструкциялар мен жанудың таралу бағыты анықталады.

Маман өрт ошағын анықтағаннан кейін егжей-тегжейлі түрде тұтану көзін, яғни, өрт себебін анықтауға тырысады. Бұл ретте барлық қажетті заттардың өрт туындауына қатыстылығын тексеру көзделеді. Көбінесе жану көзінің қандай да бір бөліктері – электр желілері мен заттардың, жылыту құралдарын қасақана өртеу және басқалары өрт фактісі бойынша айғақтар болып табылады.

- Тұтану көзін, өртенген бөлшектерді, түрлі жеңіл тұтанатын және жанғыш сұйықтарды зерттеуге мүмкіндік беретін құралдар болады. Оларға: металлографиялық кешен, рентген дифрактометрі, түрлі спектрометр, хромотографтар жатады, - дейді Нұрлан Әбілбайұлы. - Осы құралдардың көмегімен өлшенген бөлшектің қандай да болмасын өрт шығуына қатыстылығы мен қажетті заттардың химиялық құрамын анықтауға мүмкіндік береді.

Өрт обьектісінің түрлі конструкциясының термикалық бүліну деңгейін анықтайтын бірқатар құралдар да болады. Конструкцияның материалына қарай металл, ағаш, бетоннан және басқа да құралдардың түрі мен өлшеу әдісі пайдаланылады. Төтенше жағдай мамандары көліктегі өрттердің негізгі себептері, тұтану жүйесі мен электр құралдарының апаттық режимде жұмыс істеуінен болатынын ескертеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазанындағы № 1077 қаулысымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларының 1103-тармағы талаптарында аккумуляторды тікелей көлік құралдарында, сондай-ақ осы мақсатқа икемделген үй-жайларда оталдыруға, қозғалтқыштарды ашық отпен, яғни, алау, шырақ, дәнекерлеу шамдарымен жылытуға, жарықтандыру үшін ашық от көздерін пайдалануға жол берілмейді деп көрсетілген.

Қағиданың 1104-тармағында газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін көлік құралдарын пайдалануға арналған төмендегідей нұсқаулар белгіленген.

Біріншіден газбен жүретін көліктер газды пайдаланғанда аса сақ болуды назарда ұстау қажет.

Қысқы уақытта көлік құралдарын көлікжайдан тыс сақтаған кезде және температура төмен болған жағдайда қозғалтқышты алдын-ала жылыту және газ коммуникацияларында мұздың пайда болуын ыстық сумен, бумен немесе ыстық ауамен жою жүргізіледі. СКГ бар баллондардағы сақтандырғыш клапандар, сондай-ақ отын жеткізілуін бұғаттауды қамтамасыз ететін электрлік магнитті клапандар дұрыс жағдайда пайдаланылады.

- Баллондарды куәландіру кемінде бір рет, екі жыл сайын жүргізіледі. СКГ жабық көлікжайларда және ішкі температурасы 25 С асатын, жылытуы бар үй-жайларда қолдануға және сақтауға жол берілмейді. Қозғалтқышты іске қосуды тек отынның бір түрінде – газ немесе бензинде ғана жүзеге асырылады, - дейді Нұрлан Мадьяров.

Қатты аяз орнаған кезде көлікжайы жоқ қала тұрғындары көліктерін түні бойы қыздырумен болады. Әрине, біреулер такси қызметінде, біреу жұмысынан шалғай өңірде тұрғандықтан жағдайдың өзі мұндай әрекеттерге итермелейді. Көлік жөндеушілердің пікірінше бұл өрттің шығуына алып келмейді, тек кейбір жайттарды есте ұстаған дұрыс екенін айтады.

- Көліктің өзінен-өзі өртенуі екіталай. Әрине, электр байланыстарында ақау болмаса, - дейді «Аutobot» автокөлік сервисінің маманы. – Көптеген жағдайда өрт дабыл жүйесінің дұрыс орнатылмауынан орын алады. Сондықтан аталмыш құрылғыларды білікті мамандарға тексерткен дұрыс. Қыс мерзімінде жүргізушілер қозғалтқыштың бетіне тез тұтанатын материалдар жауып қояды. Міне, бұл да өртке себепші болуы мүмкін. Суық болған соң онсыз болмайды, сондықтан жапқан кезде материалдың коллекторға тиіп кетпеуін қадағалау керек. Сонымен қатар таңертең көлікті дәнекерлеуші шаммен қыздырғанда қозғалтқыштан майдың ағып тұрмағанын қадағалау керек.

Адамдар шамды қойып, шай ішуге немесе өзге де шаруаларын бітіремін деп кетіп қалады. Сондықтан шамды қоймас бұрын аталған жағдайға баса назар аудару керек. Қозғалтқыштан майдың ағуы ақырын жүреді, өз кезегінде майдың жанғыш зат екенін ешқашан естен шығармаған дұрыс.


 Дос Сапар
Следующая →