Семейлік полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кетті
Жаяу жүргіншілер жолында полиция қызметкері 60 жасар ер адамды қағып кетіп, 80 метр жерге дейін сүйрей жөнелген
Қайғылы оқиға өткен сәрсенбіде кешкісін Қаржаубайұлы көшесінде орын алған. Куәгерлердің айтуынша автокөліктер ағымы ер адамға жолу беру үшін тоқтап тұрған. Дәл осы уақытта үшінші жолақта «Лексус» маркалы автокөлікте тәртіп сақшысы үлкен жылдамдықпен келе жатқан. Жаяу жүргіншіні қағып кетіп, онымен тоқтамай 60 жасар ер адамды жол бойымен 80 метрге сүйреп кеткен. Зардап шеккен адам оқиға орнында көз жұмды.
Семей ІІБ ақпараты бойынша, 23 жасар полиция қызметкері аздаған мөлшерде ішімдік пайдаланған. Оған қарсы қылмыстық іс қозғалды.