Өскеменде жаяу жүргінші жолағында оқушыны көлік қағып кетті
Куәгерлердің айтуынша 15 жасар қызды Славский- Әуезов қиылысында орналасқан Ауған соғысы ардагерлері ескерткішінің жанындағы жаяу жүргінші жолағында қағып кеткен
Қыркүйектің бірі – Білім күні 15 жасар қызбен орын алған тағы бір ЖКА қайғылы оқиғаға толықты. Кәугерлердің пайымдауынша, Әуезов көшесі мен Славский жағалауының қиылысындағы ауған-соғысы ескерткішінің жанында қағып кеткен.
Зардап шеккен қызды «жедел жәрдем» 1-ші қалалық ауруханасына алып кеткен. Алаңдаушылық білдіріп отырған куәгерлер, әлеуметтік желі арқылы қыздың қазіргі жағдайы туралы сұрауда. Устинка Live редакциясы аталмыш сұрақтармен бірінші қалалық аурухананың бас дәрігері Юрий Старокожевқа хабарласты. – ЖКА нәтижесінде науқа бас-сүйек зақымын алды, қазір жағдайы қалыпты, - дейді Юрий Александрович. Оқушы қыз жаңа оқу жылын ота үстелінде қарсы аламын деп ойламағаны анық. ЖКА себебіне құлықсыз жүргізушінің қатысы ма, әлде өзге де жағдайлар орын алды ма белгісіз. Полиция бұл жағдайларға қатысты ештеңе айтпады. Естеріңізге салсақ, 1 қыркүйек күні Сәтпаев даңғылында «жедел жәрдем» көлігі ауруханаға барар жолда Lexus автокөлігімен соқтығысқан. Зардап шеккендердің төртеуі бірінші қалалық ауруханасында жатыр. Олардың жағдайлары қалыпты.