ШҚО-да көлік иесі әйелді қағып өлтірді
Адам жанын алған жол көлік оқиғасы екі күн бұрын Прибрежное ауылында орын алды. Ауыл тұрғындары жолда тыныс алмай жатқан әйелді көріп, тәртіп сақшыларын шақырған
Жол-көлік оқиғасы түнде орын алғандықтан куәгерлері табылмасада, тәртіп сақшыларына күдіктіні тез арада тапты.
- Оқиға орнынан қашыпкеткен жүргізуші Тойота Марк II көлігінің 26 жасар иесі. Ол өз көлігімен артқа қарай жүріп бара жатып, адамды байқамай қағып кетеді де, адамды қағып кеткеніне көзін жеткізген соң, оқиға орнынан ізін суытады, - деді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев.
Бұл адамның жанын алған оқиғаға қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.