Жаяу жүргіншіні қағып өлтірген азамат ұсталды
12 сәуір күні жол-көлік оқиғасынан кейін жүргізуші қашып кетке. Дегенмен полиция қызметі оқиға орнында көлік шамдарының бір бөлігін тапты
Фото:
startavto51.ru
Оқиға 12 сәуір күні шамамен сағат 23.00 шамасында Добролюбов көшесінде орын алды. Белгісіз көліктің иесі екі адамды қағып, оқиға орнынан жоғалып кетті. зардап шеккендердің бірі 33 жасар ер адам оқиға орнында қаза тапса, екінші жаяу жүргінші 35 жасар әйел түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Оқиға орнына келген жол полиция қызметкерлері көліктің шамдары мен қорғаушы баспарлердің бір бөліктерін тауып, сол арқылы көліктің сұр түсті «Honda CRV» болуы мүмкін екендігін анықтады.
Бір апта ішінде полиция қызметкерлері «Honda CRV» маркалы көліктердің 700-дейін тексерді. Тексерудің алтыншы күні оқиға орнынан қашып кеткен көлік иесі ұсталды. Ол Өскемен қаласының 31 жасар тұрғыны болып шықты. Болған оқиғаны мойындап, уақытша қамау изоляторына алынды. Алдағы уақытта оның үстінен ҚР Қылмысты қодексінің 345 бабының 3 бөлімі бойынша іс қозғалатын болады.