Өскемен
ясно
-18°
  • Өскемен
    -18°
  • Алматы
    -7°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -4°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +2°
$
515.25
+0.32
535.91
-0.13
¥
70.6
+0.05
5.18
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Алматыда полиция қызметкері екі азаматтың өмірін қиды

Алматыда ережені өрескел бұзған тәртіп сақшыларының өзі жантүршігерлік жол апатына себепкер болды

Происшествия в Казахстане и мире / ДТП / В Алматы человек в полицейской форме убил двух человек
Фото:
zakon.kz
Автобустың арнайы жолағымен қарсы бағытта жүйткіген БМВ жолындағысын түгел жайпап, екі адамды қағып өлтірген. Соққының қатты болғаны соншалық, тіпті қаза тапқандардың дене мүшелерін жан-жақтан жинап алуға тура келді. Ал тізгінде болған полицей бірден тергеу қапасына қамалды.

БМВ көлігі қоғамдық көліктерге арналған қарама-қарсы бағыттағы жолмен зымырап келіп, жиекте тұрған екі адамды жайпап өткен. Ары қарай тағы бірнеше көлікке соғылып әзер тоқтаған. Жол шетінде тұрғандардың ауыр соққыдан дене мүшелері жан жаққа шашылып кеткен. Тіпті аяқ-қолдары ағашқа ілініп қалыпты. Сақшылар бөлшектенген денелерді әр жерден жинап алды.

-Бір әйел тұрған. Бір кезде қатты соққының даусын естідім. Жүгіріп барсам әйел жоқ. Көмектескім келген ғой. Бір қарасам арықта жатыр. Алғашында маникен деп ойладым. Тыржалаңаш. Аяғы жоқ. Бір аяғы талға ілініп тұрды.

Қаза тапқандардың бірі әйел, екіншісі ер кісі. Анасын жоқтап жылаған марқұмның ұл-қыздарын тәртіп сақшылары сабырға шақыра алмай біраз әуреге түсті. Ал бір ажалдан аман қалған «Дэу Матиз» көлігінің жолаушысы тіпті есінен танып қалған. Қорқынышын баса алмаған ол БМВ-ның жол ережесін өрескел бұзғанын айтып қана үлгерді.

Юрий Тригулов, жәбірленуші:

-Қарама-қарсы жүйткім келе жатты. Солға бұрылып жатқанмын. Қарсы бағытпен жүйткіп бізді соқты.

Екі адамның өмірін қиған БМВ-да үш бірдей тәртіп сақшысы отырған. Олар апаттан кейін жалма-жан көліктің нөмірлерін алып тастапты. Оқиға куәгерлері түсірген мына таспада тіпті біреуінің қолына ішімдіктің бос шөлмегін ұстап тұрғанын да анық аңғаруға болады. Ал полицейлер күдіктінің Ішкі істер министрлігіне қарасты мамандандырылған күзет қызметінде істейтінін айтты.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД ресми өкілі:

-Бұл жол апатын жасаған сезікті оқиға болған жерде ұсталып, полиция қызметкерлерімен уақытша оқшаулау абақтысына қамалды. Бірнеше күннен кейін оған қатысты бұлтартпау шарасы тағайындалатын болады.

Қазір осы жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталып кетті. Жол сақшылары қажетті сараптама жасатып апаттың нақты себебін анықтамақшы.
Следующая →