Өскеменде адам өлтірген жүргізуші іздестірілуде
Кеше түнде «Рахат» дүкенінің жанында болған жол-көлік оқиғасы бір адамның жанын алды
Фото:
46tv.ru
- Жаяу жүргінші жолағынан өтіп бара жатқан адамдарды қағып кеткен автокөлік туралы хабарлама кеше сағат 23.16 шамасында келіп түсті. Түрлі жарақат алған 33 жасар ер адам оқиға орнында көз жұмды. Ал 35 жасар жұбайы жабық бас ми жарақатын алып, омыртқасын зақымдап қалалық ауруханаға түсті, - деді Өскемен қалалық ІІБ баспасөз хатшысы Асель Амиренова.
Көлікті басқарған жүргізуші оқиға орнынан қашып, із-түссіз кетті. Аталмыш оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Полиция қызметі қандай да бір ақпаратты естіген немесе көрген адамдарды 102 немесе 23-26-28 нөміріне хабарласуларын сұрайды.
Тақырыптар:
ДТП в Усть-Каменогорске