Демалыс күндері ШҚО-да екі ЖКО орын алды
Екі оқыс оқиға да түн ортасында орын алып, жолаушылар ауруханаға жеткізілді
Фото:
tvc.ru
10 сәуірде түн ортасында Жарма ауданы Қалбатау ауылындағы Аймауытов көшесінде келе жатқан 22 жасар жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, көше шамына соғылған. Жол-көлік оқиғасында зардап шеккен жүргізуші мен жолаушылар емханаға жеткізілді.
Екінші ЖКО Семей қаласында тіркелді. Би Боранбай көшесінде келе жатқан «Ниссан» автокөлігі көрші жолға шығып кетіп, «УАЗ» маркалы автокөлігіне соғылған. Қатты соққы алған үш жолаушыға медициналық көмек көрсетілді. ҚР ҚК 345-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Тақырыптар:
ДТП в ВКО