Қарағандыда КАМАЗ қаққан 11 жасарлық бала көз жұмды
Қарағандыдағы 11 жастағы бала қаза тапқан жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде
Фото:
tvc.ru
27 наурызда қоқыстасығыш компанияларынының бірінің КАМАЗ автокөлігі жолдың жиегінде кетіп бара жатқан бесінші сынып оқушысын кағып кеткені.
Алған жарақаттан балаоқиға орнында көз жұмды. Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, көлік тізгініндегі жүргізуші 55 жаста.
Енді оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде, бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық іс сотта қаралу үшiн прокуратураға жіберіледі.