ШҚО-да алты жасар баланы судан құтқарды
Әскери қызметкер батып бара жатқан адамды құтқаруға асықты, баланы жағаға итеріп жіберіп, әлсірегеннен өзі жан тапсыра жаздады, ол есінен танып қалды
Үлбі өзенінде алты жасар бала суға батып кете жаздады, оны 3477 әскери бөлімінің әскери қызметшісі ефрейтор Тілек Құмарбеков құтқарды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Көмек сұрап айқайлаған дауысты естігенде Тілек Құмарбеков ойланбастан, баланы бұрқырап ағып жатқан өзеннен алып шығу үшін суға сүңгіді, - деді ҚР ҰҰ "Шығыс" ӨңҚ.
Гвардияшы соңғы күштеріменн баланы жағаға шығарып, өзі есінен танып, суға бата бастады, оны куәгерлер алып шықты.
Келген жедел жәрдем көлігі ауруханаға барар жолда Тілекті реанимациялады. Қазіргі уақытта әскери қызметшінің жағдайы қанағаттанарлық, - деп толықтырды ҚР ҰҰ "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы.