Биыл Қазақстанда 19 бала суға батып кеткен
Көбінесе қайғылы жағдайлар суға құлап кетіп жүзе алмай немесе мас күйінде суға түсіп, балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан орын алады
Биыл 1 маусымнан бері Қазақстанда 19 бала суға батып кеткен, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.
Министрлік мәліметінше, суға шомылу маусымы басталғалы бері 36 адам суға батып, көз жұмған. Оның 19-ы бала.
Өлімнің негізгі себебі – рұқсат етілмеген жерде шомылу және балаларды қараусыз қалдыру.
Қайғылы оқиғалардың статистикасы төмендегідей:
- су қоймасында – 32 адам;
- суға шомыла алмаған – 18 адам;
- ішімдік ішіп, суға түскен – 11 адам;
- балық аулау ережесін бұзған – 10 адам;
- өз күшіне қатты сенген – 9 адам;
- жүзу құралында сырғанау кезінде – 1 адам.