Өскемендік құтқарушылар мектеп оқушысын терезенің темір торынан әрең босатып алды
Шатырға шықпақ болған ойын баласының қолы терезенің темір торына кептеліп қалған
Өскеменде тоғыз жасар бала Морковная көшесіндегі саяжай телімінің ауласында ойнап жүрген. Контейнердің жанында тұрған шатырға көтерілмек болып ол қолымен құрылымның терезесінде орналасқан торға кептеліп қалды. Ата-анасы құтқарушыларды көмекке шақырды, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
ШҚО ТЖД ЖҚБ қызметкерлері жедел түрде көмекке келіп, құрал-саймандардың көмегімен торды қиып қолын босатып, баланы жедел жәрдем дәрігерлеріне тексеруге берді.
ШҚО ТЖД тағы да ата-аналарға балалардың жауапкершілігі, олардың бос уақытын бақылау туралы ескертеді. Ешбір жағдайда балаларды қараусыз қалдырмаңыз.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарласуға болады.