Қазақстандықтар өскемендік блогердің "қармағына" түсті
Әлеуметтік желілердегі парақшаларындағы оқырмандар саның көбейтіп берем деген уәдеге сенген қыздар он мың теңгеге алданып қалған

Өткен айдың соңында ШҚО ІІД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығының 29 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ер адам алматылық әйелге әлеуметтік желідегі аккаунтын "қарапайым" 10 000 теңгеге жарнамалауға уәде берді. Оңтүстік астананың 33 жастағы тұрғыны жарнамаға ақы төледі, бірақ ешқандай жарнама алған жоқ.
Тәртіп сақшылары блогердің республиканың түкпір-түкпірінен тағы үш әйелді алдағанын анықтады. Жалпы шығын шамамен 50 000 теңгені құрады.
"PR" ұсталды, ол өз кінәсін мойындады.
Күдіктіге ҚР ҚК 190-бабының екінші бөлігі "Алаяқтық" бойынша қылмыстық жауапкершілік жүктеледі. Ол бойынша төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, - деп хабарлады ШҚО ЖПҚ.