ШҚО-да дауылды жел үйлердің шатырын ұшырды
Өткен ғасырдың аяғында салынған кітапхана, пошта және дәріхана ғимараттарына ең көп зардап келді
Бүгін Шығыс Қазақстан облысында қатты жел соғып, Чекоман ауылында ескі ғимараттардың бірінің төбесін жұлып алды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Дауылды желден 1986 жылы салынған әкімшілік ғимараттың шатыры ұшып кеткен. Онда пошта, кітапхана және дәріхана орналасқан.
Аумағы 195 шаршы метр болатын ғимараттың шатыры желдің екпінімен ұшып кетті. Оқиға орнында жергілікті атқарушы органдардың комиссиясы жұмыс істейді, - деп хабарлады ШҚО ТЖД.
Құтқарушылар ешкім зардап шекпегенін хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, кеше түстен кейін ШҚО ТЖД мамандары өңір тұрғындарына ауа райының нашарлауы туралы ескертіп, сақтық шараларын сақтауды сұрады.
Дауыл туралы ескертулер "Дәрмен" тегін мобильді қосымшасында да жарияланады.
Төтенше жағдайлар туындаған кезде 112 нөміріне хабарласқан жөн.