Бұрынғы "ӨКМ Операторы" бас директор ірі ұрлық жасады деген күдікке ілінді
Сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен ұрлықтарға экология вице-министрі мен "ӨКМ Операторы"ЖШС Басқарма Төрағасы да күдікке ілінді
Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы Бас директорына қатысты 2016-2021 жылдар аралығында көлік құралдарын кәдеге жаратудың жоғары құнын белгілеу арқылы кәсіпорынның 20 млрд.теңгеден астам сомадағы ақшалай қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, - делінген хабарламада.
"ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы бас директоры соттың санкциясымен қамауға алынды. Бұған дейін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен экология вице-министрі және "ӨКМ Операторы"ЖШС басқарма төрағасы ұсталды. Тергеу жалғасуда.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикамыздағы жаппай наразылықтар аясында "Оператор РОП" ЖШС жеке компаниясынан мемлекетке кәдеге жарату алымының функцияларын беруді тапсырды. БАҚ-тың хабарлауынша, "ӨКМ операторы" Қазақстанның тұңғыш президентінің кіші қызы Әлия Назарбаеваға тиесілі.
Қазақстан үкіметі бұл функцияны "Жасыл даму" АҚ-ға берді, "Оператор РОП" ЖШС-нің кәдеге жарату алымын әкімшілендіру және тиісті қаражатқа иелік ету бөлігіндегі қызметі тоқтатылды.
Ескі автомобильдерді сатып алу бағдарламасы Қазақстанда 2016 жылдың қарашасынан бастап жұмыс істейді. Пайдаланудан шыққан өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жаратуға қабылдау бағдарламасы 2020 жылғы қарашадан бастап іске қосылды.