ШҚО-да «романтик ұры» түнгі клубтың алдында әйелді тонап кетті
Ал оған дейін жәбірленуші мен шабуылшы оңаша отырып көңіл көтерген
Өскемен қаласы әкімдігінің Ертіс полиция бөлімінің кезекші бөліміне 44 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, қаладағы түнгі клубтардың бірінің жанында ер адамның әмиян салынған сөмкесін тартып алып, қашып кеткенін айтқан.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде патрульдік бөлімше күдіктіні анықтады. Бұл облыс орталығының 35 жастағы жұмыссыз тұрғыны болып шықты. Қарақшы бірден ұсталды, бірақ ол ұрланған ақшаның бір бөлігін жұмсап үлгеріпті. Ұсталған кезде құқық бұзушы орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болған. Ұсталған азамат кінәсін мойындады, - деп түсіндірді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Алайда полицейлер жәбірленуші мен ұсталған ер адамның ойын-сауық мекемесінде кездескенін, екеуі бірге спирттік ішімдік ішкенін де анықтады. Екеуі клубтан шығып бара жатқанда құқық бұзушы ішімдік ішкен құрбысынан әмиян салынған пакетті тартып алып, қашып кеткен.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабының 1-бөлігі «Тонау» бойынша ер адамды төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төнген.