Гаражда өрт шығып, екі ит тірідей жанып кете жаздады
Құтқарушылар дер кезінде көмекке келмегенде қайғылы жағдайға әкеп соқтыратын шаруашылық ғимаратының иесі көліктің моторын қыздырмақ болған
Өңірде ауа райының күрт суытуы көлік иелерін де қиын жағдайда қалдырды. Таңертең қозғалтқыштарды жылыту өте қиын болғандықтан, көпшілігі өте қауіпті әдістерге жүгінеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бүгін таңертең Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылында өрт шықты. Қоңырау 112 желісіне сағат таңғы 8.00-де түсті. Үйлердің бірінің ауласында гараж өртенген. Үй иелері иттерінің өртенген гараждың жанында екенін хабарлады. Өрт сөндірушілердің бірі шынжырда байлаулы тұрған жануарларды тез арада босатып үлгерді. Қуанышқа орай, үй жануарлары қатты қорыққанмен зардап шекпеді.
- 32 шаршы метр аумаққа жайылған тілсіз жау сөндірілді, ауыздықтауға бес адам мен екі техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі – электр қауіптілігі жоғары қондырғыға абайсыз қарау, - деп хабарлады ШҚО ТЖД қызметкерлері.
Автокөліктердің өртенуі қатты суық кездерде жүргізушілердің көліктерін қыздырып, оталдыруға бар күш-жігерін салуына байланысты туындайды. Мұның себебі механизмнің өзінде болуы мүмкін. Автокөлік сымдарының, электр жабдықтарының, «автоматты іске қосу» тетігінің, аккумулятор немесе жанармай жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуінен өрт шығуы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, өрт болған жағдайда дереу 112 немесе 102 нөміріне қоңырау шалыңыз.