Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Өскемен қалалық Полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері ірі көлемде қарызы бар борышкерді ұстады
Шығыс Қазақстан облысында "құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасы өтуде, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Тәртіп сақшылары хабарлағандай, ұсталған азамат ЖШС басшысы салықтан жалтарған болған. Кәсіпкердің қарызы аз емес - 30 миллион теңге. Сонымен қатар, оның кәсіпорны банкрот деп танылды және сот шешімімен ер адам субсидиарлық жауапкершілікке тартылды.
Алайда кәсіпкер жасырынып, қарызды да төлемеген, бөлінген субсидияны да қайтарған жоқ.
Ұстау туралы ақпарат сот орындаушыларына берілді, - деп нақтылады Өскемен қалалық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Андрей Мула.