Шығыс Қазақстанда жер үйлерден жиі өрт шығады
ШҚО ТЖД құтқарушылары тұтану себептері мен олардың салдары туралы айтып берді
Өткен тәулікте Шығыс Қазақстан облысында бірден төрт өрт болды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Первомайский кентінде жер үйдің шатыры жанып кетті. Жалын 20 шаршы метр аумаққа жайылды, бірақ өрт сөндірушілер тілсіз жауды тоқтатты.
Өрттің алдын ала себебі - жылыту пештерін орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД.
Белоусовкада жеке үйдің ауласында жалпы ауданы 25 шаршы метр болатын шаруашылық құрылыстары өртенді. Төтенше жағдайдың себебі электр сымдарын орнату мен пайдаланудағы қателік болды.
Үржар ауданының Мақаншы ауылында төрт тұрғын үй өртенді. Қайғылы жағдайға отты абайсыз қолдану себеп болды.
Соңғы оқиға Семейде тіркелген. Тұрғын үйдің ауласында үлкен өрт шықты. Жалын 96 шаршы метрге жайылып, шаруашылық құрылыстары өртенді.
Өрттің алдын ала себебі - отты абайсыз қолдану, - деп нақтылайды ШҚО ТЖД.
Естеріңізге сала кетейік, өрт шыққан жағдайда дереу 101 және 112 нөмірлері бойынша хабарласқаныңыз жөн.