Өскемен
малооблачно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +13°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
448.81
+0.25
476.82
-1.21
¥
62
+0.03
4.77
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әскери қызметшілермен жасалған қылмыстар саны 37,4%-ға азайды

ҚР ІІМ Шығыс өңірлік ӘТБ-да басқарма аппаратының жеке құрамының, Аягөз, Өскемен бөлімдері мен Павлодар тобының жеке құрамының отырысы өтті

Происшествия в Казахстане и мире / Число преступлений совершенных военнослужащими снизилось на 37,4%
Фото:
Устинка LIVE

Басқарма өкілдері бір жылдағы қызметінің қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ҚР ІІМ Шығыс өңірлік ӘТБ-де атап өткендей, әскери-тергеу органдары Семей, Аягөз, Өскемен және Павлодар гарнизондарының әскери қызметшілері арасында қылмыстарды анықтауға, жолын кесуге, ашуға және алдын алу жұмыстарына көп көңіл бөледі. Әрбір қылмыстық іс бойынша тергеушілер әскери бөлімдер мен құрамалар қолбасшылығының атына қылмыс жасауға және басқа да заң бұзушылықтарға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде ұсыныстар енгізеді.
Соңғы жылдары әскер мен әскери құрылымдардағы қылмыстың жай-күйін талдау барысында тіркелген қылмыстар санының азаюының тұрақты тенденциясы байқалады.

Егер 2020 жылмен салыстыратын болсақ, 2021 жылы әскери қызметшілермен жасалған қылмыстар саны 37,4%-ға төмендеді. Ауыр қылмыстар саны бірнеше есе азайды. Сондай-ақ, әскери қызметшілердің қатысуымен топтық қылмыстар жойылғанын атап өтуге болады. Қасақана ауыр дене жарақатын салу фактілері сияқты қоғамдық қауіпті қылмыстардың саны қысқарды, - деп атап өтті ҚР ІІМ Шығыс өңірлік ӘТБ басшысы Мұхамед-Қали Қарсыбеков. - Әскери-тергеу органдарының негізгі міндеттері, құзыреттері мен өкілеттіктері: әскери қылмыстарды және әскери қызметшілер жасаған, Ішкі істер органдарының тергеуіне жататын қылмыстарды анықтау, алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу болып табылады.

Сонымен қатар, үздік қызметкерлер марапатталды. 2-дәрежелі "Ішкі істер органдарының үздігі" төсбелгісін ҚР ІІМ Шығыс өңірлік ӘТБ Аягөз бөлімінің аға тергеушісі әділет майоры Ержан Каташев алды. ҚР ІІМ Шығыс өңірлік ӘТБ Аягөз бөлімінің аға жедел уәкілі майор Айдос Байзақов грамотамен марапатталды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу құрметіне старшина Н.С.Сембеев ішкі істер министрі қол қойған Алғыс хатпен марапатталды.

Ал ІІМ Шығыс өңірлік ӘТБ аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі әділет подполковнигі Дидарбек Санатбековті құрметті демалысқа шығарып салды.

Следующая →