Ер адам Өскемендегі танысын алдап несие рәсімдеді
Глубокое ауданының тұрғыны банктен біреудің атына қарызға алған жүз мың теңгені өз қажеттіліктеріне жұмсады
Үлбі полиция бөлімінің қызметкерлеріне облыс орталығының 61 жастағы тұрғыны жүгінді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Өскемен қаласының ПІБ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ер адам тәртіп сақшыларына оның танысы алдау жолымен оған несие ресімдегені туралы хабарлады.
Белгілі болғандай, зардап шегушінің досы оның пәтерінде болған кезде оның сауалнамалық деректерін пайдаланып, жалпы сомасы 99 мың теңгеге шағын несие ресімдеген.
Криминалдық полиция қызметкерлері Глубокое ауданының 33 жастағы тұрғынын ұстады, - деп хабарлады Өскемен қалалық полиция басқармасының басшысы Андрей Мула. - Айлакер ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.