ШҚО-да мас ерлі-зайыптылардың жанжалы пышақтасумен аяқталды
Алтайдың қызуқанды тұрғыны қылмыстық жауапкершілікке тартылады, ол сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылады
Қараша айының басында Алтай ауданының ауруханасына 35 жастағы ер адам пышақ жарақатымен түсті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Отбасылық драма 3 қараша күні кешке басталды. Ерлі-зайыптылар достарының үйіне қонаққа барған, онда «қызу» отырыс болған. Отырыс соңындағы ерлі-зайыптылардың ұрыстары пышақтасумен аяқталған.
Жәбірленуші дереу қалалық ауруханаға жеткізілді, ал полиция оның әйелін ізін суытпай ұстады. 25 жастағы әйел күйеуінің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді деген күдікке ілікті. Ол ҚР ҚК 106-бабының бірінші бөлігі бойынша 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.