Шардағы жаппай төбелес: полиция ШҚО-дағы оқиғаға қатысты түсінік берді
Әлеуметтік желі қолданушылары көпшіліктің қатысуымен болған үлкен қақтығыс бейнежазбаларын таратты
Шығыс Қазақстан облысының Шар қаласында болған жаппай төбелеске шамамен жиырмадан астам адам қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Оқиғаны өтіп бара жатқан куәгер видеоға түсірген.
Кадрларда былапыт сөздер естіледі, сондай-ақ жанжалға қатысушылардың біреуі оқиға орнынан қашуға тырысқаны байқалады. ШҚО Полиция департаменті 23 қарашада болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-ның 293-бабы 2-бөлігі "адамдар тобы жасаған бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның нәтижелері бойынша тиісті процестік шешім қабылданатын болады, - деп хабарлады мекеме мамандары. - Зиян келтіру және дене жарақатын салу туралы шағымданғандар болған жоқ. Қылмыстық істі тергеу және болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауды департамент басшылығы өзінің ерекше бақылауына алды.