Құтқарушылар сегіз айлық нәрестеге көмектесті
Бүлдіршіннің ойыншыққа қысылып қалған саусағын әке-шешесі өздігімен шығара алмағандықтан, арнайы мамандарды шақыруға тура келген
Өскеменнің құтқару қызметіне қала тұрғынынан қоңырау түсті: сегіз айлық баланың саусағы пластик ойыншыққа кептеліп қалған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
- Мамандандырылған отрядтың қызметкерлері баланың саусағын сым кескішті пайдалану арқылы абайлап босатқан. Бала барлық «құтқару операциясына» жыламай шыдады, - деп хабарлады ТЖД.
Облыс орталығының кішкентай тұрғынының денсаулығына қазіргі сәтте қауіп төніп тұрған жоқ. Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдай орын алған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласу керектігін еске салды.