Құтқарушылар Өскеменде бес қабатты тұрғын үйден 20 адамды алып шықты
Ертістің сол жағасына салынған көп қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Өрт Қаныш Сәтпаев даңғылында орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында болды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Оқиға орнына тез арада жеткен өрт сөндіру бригадалары тілсіз жауды ауыздықтап үлгерді. Өрт шыққан үйде жиһаздар мен тұрмыстық заттар жанып кеткен.
- Үй иесінің баласы жанып жатқан бөлмеден өз бетімен шығып кеткен. Құтқарушылар 20 тұрғынды эвакуациялады, оның сегізі бала. Барлығы өрт толықтай сөндірілгенше жылы «Вахта» көлігіне орналастырылды. Өрттің шығу себебі анықталуда. Болжам бойынша, электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақталмаған, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.