Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да аюды атып өлтірген браконьер ұсталды

Заңсыз аң аулаудың тағы бір фактісі Тарханка ауылының маңында анықталды, тергеуде облыс орталығының тұрғыны

Происшествия в Казахстане и мире / Браконьера, застрелившего медведя, задержали в ВКО
Фото:
ДП ВКО

6 қарашада "Браконьер" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде полиция Тарханка ауылының маңында аюды атып өлтірген 51 жастағы Өскеменнің тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Аң аулау үшін ер адам тіркелген мылтығын қолданған. Браконьер жануардың етін жеуге жоспарлаған болуы мүмкін.

- Аталған факті бойынша ҚР ҚК 337 - бабы "Заңсыз аң аулау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қазіргі уақытта келтірілген шығын сомасы анықталуда, - деп хабарлайды ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев. - Осы баптың санкциясы үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Жалпы, жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері тәртіп сақшылары 360-тан астам рейдтік іс-шара өткізді, олардың барысында 605 табиғат қорғау заңнамасын бұзушылық анықталды, оның ішінде 394-і аң аулау ережелерін бұзғаны үшін. Сонымен қатар, 10 браконьер ұсталды, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Следующая →