Күршім ауданының тұрғыны жарты миллионнан астам теңгеге мемлекетке залал келтірді
Ер адам балқарағай ағаштарын кесіп тастады, жиналған ағаштың жалпы көлемі 102 текше метрді құрады
20 қазан мен 19 қараша аралығында облыс аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған "Браконьер" Республикалық жедел-профилактикалық іс-шара өткізілуде, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Төсқайын аумағында жүргізілген рейдтік іс - шаралар кезінде орман шаруашылығы аумағында "самырсын" тұқымды ағаштарды заңсыз кесу фактісі анықталды, олардың жалпы көлемі 102 текше метрді құрады, - деп хабарлайды ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі. - Келтірілген шығын сомасы 590 000 теңгеден асты. Аталған факті бойынша Күршім ауданының 39 жастағы тұрғыны анықталды. ҚР ҚК 340-бабы 2-бөлігі "орман қорына кіретін ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау, елеулі залал келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жалпы, жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері тәртіп сақшылары табиғатты қорғау заңнамасының 511 бұзушылығын анықтады, оның ішінде жетеуі ағаштарды заңсыз кескені үшін.