ШҚО-да полицейлер ұрланған сиырды тасымалдаған көлікті ұстады
30 жастағы ұрыға бес жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр, тәртіп сақшылары "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шарасы аясында рейдтер жүргізуді жалғастыруда
ШҚО полицейлері Тарбағатай ауданындағы тас жолда тірі сиыр тұрған "УАЗ" маркалы автокөлікті тоқтатты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Тәртіп сақшылары анықтағандай, малды шаруа қожалықтарының біріндегі жайылуыдан ұрлап кеткен, бұл туралы мал иесінің өзі білмеген.
Мал ұрлығы фактісі бойынша ҚР ҚК 188-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның шеңберінде 30 жастағы ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Осы баптың санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді, - деп түсіндірді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.
Ведомство "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шарасы аясында облыстың автожолдарында 700-ден астам қызметкер қызмет атқаратынын атап өтті. Жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, өлім мен жарақаттану деңгейін төмендетуге баса назар аударылады.