ШҚО-дағы Сасықкөл көлінен балықшының денесі табылды
Қайықпен балық аулауға шыққан жас жігіт із-түссіз кеткен болатын. Іздеу жұмыстарының үшінші күні ғана табылды
Үржар ауданында құтқарушыларға Сасықкөл көлінде 23 жастағы Балықшы жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Өтініш білдірушілердің айтуынша, 4 қарашада кешкі сағат 20.00 мен 22.00 аралығында дейін ол қайықпен балық аулауға шығып, қайта оралмаған.
Жоғалған балықшыны іздестіру құтқарушылар мен полицияның күшімен түнгі сағат 24-ке дейін жүргізілді, алайда нәтиже бермеді, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - Келесі күні оқиға орнына іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін Үржар ауылының 17-ӨСБ жеке құрамы 5 адамнан Газ-66 КУНГ автокөлігімен қосымша келді. 6 қарашада Өскеменнен су астына батыруға арналған арнайы жабдығы және "Пегас" ауа жастығындағы кемесі бар құтқарушы-сүңгуірлер жіберілді.
Сол күні ТЖ қызметінің қызметкерлері мен еріктілер мұз астынан жағалаудан бір шақырым қашықтықта балықшы қайығынан пластикалық бензин багын тапты.
Құтқарушылар бірлескен іздестіру жұмыстарының арқасында жергілікті атқарушы органдар мен халықтың қатысуымен 7 қарашада судан 1998 жылы туған ер адамның мәйітін тапты, - деп түйіндеді құтқару басқармасында.