ШҚО тұрғыны 61 жастағы борышкер Алматыда үш жыл бойы жасырынып жүрді
Көші-қон қызметі жұмысының бағыттарының бірі атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлерді іздестіру болып табылады
Қыркүйек айында Глубокое аудандық полиция бөлімінің Көші-қон қызметі бөліміне жеке сот орындаушысының 61 жастағы қарызын төлемеген азаматшаға іздеу жариялау туралы қаулысы келіп түсті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Әйел қарызын үш жылдан артық төлемеген және Алматы қаласында жасырынған. Іздестіру шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері борышкердің орналасқан жерін анықтады. Енді қарызды өндіріп алумен сот орындаушылары айналысады, - деді ШҚО ЖПҚ бастығы Сағат Мәдиев.
Жыл басынан бері көші-қон қызметінің қызметкерлері төленбеген борыштарына байланысты сот орындаушыларынан жасырынып жүрген 160-тан астам азаматты анықтады.
ШҚО ЖПҚ көші-қон қызметі ескертеді: атқарушылық құжатты орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік және ҚР ҚК 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.