Көкшетаудағы тұрғын үйдегі жарылыстан кейін бірнеше адам ауруханаға түсті
Көкшетауда бес қабатты тұрғын үйде газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан екі адам зардап шекті, деп хабарлады облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі
Кеше 12 қазан, Көктем 5А, шағын аудандағы бес қабатты тұрғын үйдің 2-ші қабаттағы пәтерде газ-ауа қоспасының жарылысы орын алды. Нәтижесінде гипсокартоннан жасалған пәтераралық қабырғалар қирады, - делінген хабарламада.
Құтқарушылар баспалдақтың көмегімен екі бала мен бір ересек адамды эвакуациялады. Оқиға орнынан 1970 және 1994 жылдары туған екі әйел ауруханаға жатқызылды, олардың біреуінде 20% аяғы күйік алған.
Салдарды жоюға ТЖД 22 қызметкері мен алты техника, полиция және медицина қызметкерлері жұмылдырылды.