Өскеменде жыл басынан бері 200-ден астам мас жүргізуші ұсталды
Өскемен қаласының полиция басқармасы хабарлағандай, мас автокөлік иелерін тәртіп сақшылары тікелей жолда анықтады
Жыл басынан бергі айлар бөлінісі бойынша мас күйінде рульге отырған ең аз құқық бұзушылар қаңтар айында болды – 17 жүргізуші, ал ең көбі шілдеде – 36 адамға тиесілі болды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Полицейлер орта есеппен жаз айларында мас күйінде 30 және одан да көп көлік жүргізушілерін ұстағанын айтады.
Айта кету керек, анықталған 220 жүргізушінің 20-ға жуығы бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған.Жыл басынан бері Көлік құралдарын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаратын 220 жүргізуші анықталды, - деп атап өтті Өскемен қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі. - Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша жауапкершілік көзделген. Өткен жылмен салыстырғанда біз осындай құқық бұзушылықтардың аз ғана өскенін байқап отырмыз, сондықтан жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін сақтауды және ешқандай жағдайда мас күйінде көлік жүргізбеуін сұраймыз.