Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Жалын биік ғимараттың шатыры мен қаптамасын шарпыды, өртті сөндіруге 44 өрт сөндіруші мен 11 техника жіберілді
- Сағат 18.33-те Тұран даңғылы 37/10 мекенжайы бойынша орналасқан ТЖД өрт сөндіру бөлімшелерінен жоғары шақыру нөмірі бойынша шақырту түсіп, жеке құрамы 44 адам және 11 бірлік техникадан тұратын топ шықты. Алдын ала ақпарат бойынша, "Қазақмыс" ғимаратының шатыры мен сыртқы қаптамасының жануы орын алуда, - делінген сейсенбі күні таратылған баспасөз қызметінің хабарламасында.
- Елордалық өрт сөндірушілердің күшімен өрт сағат 19.10-да ауыздықталды, өрттің шарпыған ауданы 60 шаршы метр, - делінген хабарламада.