13 жастағы екі мас қызды тәртіп сақшылары ұстады
Кейінгі бір аптаның ішінде қалалық полиция бөлімінде заң бұзған 46 жасөспірім тіркелді, 200-ден астам оқушы мектепішілік есепке алынды
Фото:
Архив редакции
Сонымен қатар балаларын қараусыз, еркіне жіберген 52 ата-ана анықталды.
13-19 қыркүйек аралығында шығыс аймақта "Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Оның мақсаты - жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту.
Ювеналды полиция инспекторлары түнгі ойын -сауық орындары мен көшелерге рейд жүргізді. Тәртіп сақшыларының айтуынша кәмелетке толмағандар сағат түнгі 11-ден таңғы 06.00-ге дейін үйден тыс жерде тек отбасындағы жақын адамдарымен бірге жүре алады. Алайда түнде көше кезетін жасөспірімдер ата-аналарының жазаланатынына мән бермейді.
Департамент алкогольді ішімдік ішіп, мас күйінде ұсталған 13 жастағы екі қыз туралы айтты.
Аналарына қатысты ӘҚБтК -нің "Он сегіз жасқа толмаған адамдардың мас күйінде қоғамдық орындарға келуі, сондай-ақ алкогольді ішімдіктерді ішуі" 2-бөлігінің 440-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды.
Жоғарыда аталған ата-аналардың 2018 және 2020 жылы туылған басқа да кәмелетке толмаған балалары Өскемен қаласындағы КГКП "Мамандандырылған балалар үйіне" орналастырылды.
13 жастағы қыздар қазір Риддердегі кәмелетке толмағандардың бейімделу орталығында, аналарына қолданатын шараның қандай болатынын күтіп отыр.
Следующая →

- Полиция жеті күн ішінде түнде қаланы заңды өкілдерсіз аралап жүрген 640 кәмелетке толмағандарды анықтады, - деп хабарлады ШҚО ІІД.Бөлімде атап өткендей, "түнгі серуендеуді" бірінші рет бұзғаны үшін "ескерту" түріндегі жаза қарастырылған. Бір жыл ішінде қайталанған құқық бұзушылықтар үшін ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 2 бөлімі 442 -бабы бойынша айыппұл салынады.
- Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін "Жасөспірім" алдын алу іс-шарасы бойынша 736 кәмелетке толмағандар полиция бөліміне жеткізілді, - дейді олар ШҚО ДП.Полицейлер бір апта ішінде 833 әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді. Бала тәрбиесіндегі міндеттерін орындамағаны үшін 54 ата-ана жазаланды.
Департамент алкогольді ішімдік ішіп, мас күйінде ұсталған 13 жастағы екі қыз туралы айтты.
- Тергеу барысында анықталғандай, қыздардың бірі өзінің 13 жасар құрбысына қонаққа барған. Үйден бір бөтелке коньяк ішімдігін көріп, одан бірнеше жұтым ішкен. Содан соң көшеге серуендеуге шығып, қараусыз қалған ескі үйге кірген. Кейін кәмелетке толмағандардың бірі үйіне барып, арақ алып келген, - дейді Полиция департаменті.Қыздардың біреуі мас болып ұйықтап қалған, ал екіншісін үйіне қайтып кеткен. Полицияның мәліметінше, 39 және 45 жастағы оның ата-анасы да сол мезетте үйлерінде мас күйінде болған. Оны медициналық сараптаманың нәтижесі көрсетті.
Аналарына қатысты ӘҚБтК -нің "Он сегіз жасқа толмаған адамдардың мас күйінде қоғамдық орындарға келуі, сондай-ақ алкогольді ішімдіктерді ішуі" 2-бөлігінің 440-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды.
Жоғарыда аталған ата-аналардың 2018 және 2020 жылы туылған басқа да кәмелетке толмаған балалары Өскемен қаласындағы КГКП "Мамандандырылған балалар үйіне" орналастырылды.
13 жастағы қыздар қазір Риддердегі кәмелетке толмағандардың бейімделу орталығында, аналарына қолданатын шараның қандай болатынын күтіп отыр.
Тақырыптар:
ОПМ "Подросток" ДП ВКО Алкогольное опьянение КГКП "Специализированный Дом Ребенка" города Усть-Каменогорска Центр адаптации несовершеннолетних