Испанияның Пальма аралында жанартау атқылай бастады
Канар аралдарының президенті Анхель Виктор Торрес жанартау аймағының орманды екенін, ол жерде аз халық тұратынын және құрбан болғандар мен зардщап шеккендер жоқ екенін айтты
Атлант мұхитындағы Канар архипелагының құрамына кіретін Испанияның Пальма аралының билігі Кумбре Виежа жанартауының атқылауына байланысты 5 мың тұрғынды эвакуациялауға мәжбүр болды, деп хабарлайды бұқаралық ақпарат құралдары.
Бірқатар аудандарда эвакуация міндетті деп жарияланды, ал адамдар үшін уақытша баспана дайындалды.
Жергілікті үкімет халыққа жасаған мәлімдемесінде адамдарға аса сақ болуды және жарылыс аймағынан аулақ болуды ескертті.
Алайда лава қазірдің өзінде бірнеше үйге жетіп, бірқатар маңызды жолдарды жауып тастады.
Испанияның премьер-министрі Педро Санчес елдегі жағдайға байланысты Нью-Йоркке кетуін кейінге қалдырып, аралға келді. Ол барлық мемлекеттік қызметтер келісілген түрде әрекет етуге дайын екенін жеткізді.
85 мыңға жуық адам тұратын аралда жанартау атқылау алдында бір аптаға жуық сейсмикалық белсенділіктің артқаны байқалды.
Аралда соңғы рет 1971 жылы Тенегия жанартауы атқылаған болатын.
Следующая →