Павлодар облысында ер адам ашуланған әйелін өртеп жіберді
Зардап шеккен әйелді бірінші дәрежелі күйікпен ауруханаға жеткізді, оған ұзақ уақыт оңалту қажет
Павлодар облысының ауылдарының бірінде отбасылық жанжал болды, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлерінің анықтауы бойынша, сол түні ерлі-зайыпты өзара жанжалдасқан. Әйелі күйеуіне мас күйінде көлік тізгініне отыруға мүмкіндік бермеген, салдарынан екеуі сөзге келген. Кейін күйеуі ашуланып, тоңазытқышта тұрған спиртті алып өзінің әйеліне құйып, оны өртеп жіберген.
Бір сәтте мас ер адам есін жиып, әйелінен өртенген киімін шешіп, жалынды сөндіре бастады. Жедел жәрдем көлігі зардап шеккен адамды бірінші дәрежелі күйікпен Павлодар ауруханасына жеткізді.
Следующая →

- Аталған факті бойынша полиция ҚР ҚК-нің 107-бабы "Денсаулыққа ауырлығы орташа қасақана зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деп хабарлады ҚР ІІМ.