Өскемен
ясно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +28°
  • Астана
    +27°
  • Ақтөбе
    +27°
  • Актау
    +29°
  • Орал
    +29°
  • Қарағанды
    +26°
  • Көкшетау
    +26°
  • Қостанай
    +27°
  • Қызылорда
    +36°
  • Павлодар
    +24°
  • Петропавловск
    +24°
  • Тараз
    +31°
  • Туркестан
    +24°
  • Шымкент
    +32°
$
459.6
-0.15
493.06
-1.08
¥
63.3
-0.05
5.38
-0.16
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Мира Зеленская
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да гидроциклдегі қыз ер адамды қағып кетті

Оқиға кеше, 8 тамызда Үржар ауданындағы Алакөл көлінде орын алды

Түркістан облысынан келген 27 жастағы қыз гидроциклде қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзып, су үрлемелі матраспен соқтығысқан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Нәтижесінде 40 жастағы Семей тұрғыны оқиға орнында көз жұмды, оның 11 жастағы қызы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

- Үржар аудандық полиция бөлімі ҚР ҚК 344 - бабының 2-бөлігі "адамның атқаратын жұмысына немесе атқаратын лауазымына байланысты, егер бұл әрекет абайсызда адам өліміне әкеп соқса, қозғалыс қауіпсіздігі немесе теңіз немесе өзен көлігін пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деп түсіндірді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі. - Іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалды, мән-жайларды зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Сонымен қатар, ведомствода атап өткендей, гидроциклдің иесі, Үржар ауданының 31 жастағы тұрғынының үстінен ҚР ҚК 306-бабының 3-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін қызметтер көрсету" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

- Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге ақпараттарын жария етуге болмайды, - деп толықтырды ШҚО ПД.
Следующая →