ШҚО-да қамауда қалған бала мен люкке түсіп кеткен сиыр құтқарылды
29 шілдеде Семей қаласында Сорокин көшесінде кішкентай бала пәтерде құлыптаулы қалды
Жедел құтқару жасағының қызметкерлері баспалдақтың көмегімен пәтерге 2-ші қабаттың терезесінен кіріп, ішінен есікті ашты.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі мұндай жағдайлардың жиілеп кеткенін айтады. Оған ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыруы себеп.
Сол күні ер адам Өскемен қаласындағы құтқарушыларының көмегіне жүгінді. Белгілі болғандай, Машиностроительдер көшесінде сиыр люкке құлап кеткен. Оқиға орнына келген соң ШҚО ТЖД қызметкерлері арнайы арқан мен манипулятордың көмегімен жануарды алып шықты.
Мұндай авариялық-құтқару операцияларына да ШҚО ТЖД мамандары жиі шығады.
Егер құтқарушылардың көмегі қажет болса, 112 телефонына хабарласыңыз.
Следующая →