Семейде мас күйінде көлік жүргізуші ұсталды
Семей қаласының патрульдік полиция қызметкерлері мас күйінде көлік айдаған 25 жастағы қала тұрғыны ұстады
Оқиға шілде айының ортасында түнде болған. Патрульдік полиция инспекторлары патрульдеу кезінде ВАЗ көлігін тоқтатып, рөлдегі жас жігіттен шыққан алкогольдің иісін бірден сезген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Следующая →
- Құжаттарды тексеру кезінде полиция қызметкерлері жүргізушіден алкогольдің иісін сезген. Сараптама көрсеткендей, ер адам мас күйінде көлікті басқарған. Сондай-ақ, жүргізуші бұрын үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.Іс бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 346-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.