Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Кирилл Наумов
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да судағы оқыс оқиғалар саны артуда

7 шілде күні Бесқарағай ауданындағы Шүлбі су қоймасына бір топ адам демалуға келіп, 20 жастағы қыз батып кетті

ШҚО-да қайғылы жағдайлар, соның ішінде адамдардың суда батып кетуі жиі тіркелуде, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, демалушылар белгіленбеген жерде суға шомылған. 
- Жағадан шамамен 20 метр тереңдікке жүзіп барып, судың қатты ағысынан қыздар бата бастайды. Қыздардың бірін жігіт құтқарып қалады. Ал, екінші қызға жақын маңдағы демалып жатқан ер адамдар көмектеспек болған. Алайда, судың тым тереңдігінен көмектесу мүмкін болмады, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. 
Оқиға орнына келген құтқарушылар қыздың денесін 20 метр тереңдіктен шығарды. 

8 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары Алакөл көлінде скутерде демалып жүрген демалушыларға көмек көрсетті.
-  Алакөл көлінде екі демалушының скутерде серуендеуі  қайғылы жағдайда аяқталуы мүмкін еді, егер  күнделікті кезекшілік жүргізетін жедел-құтқару жасағы дер кезінде көмекке келмесе. Ер адам мен әйел скутермен серуендеген. Жағадан шамамен 400 метр жерде көлік аударылып кеткен. Демалушылар үстеріне көкірекше кигендері  жақсы болды. Адамдардың аударылып кеткенін кезекшіліктегі құтқарушылар байқаған. Жеке қайықта олар оқиға орнына тез келді. Скутерді ұстап тұрған зардап шеккендер, әсіресе әйел,  есеңгіреу халде болды. "Александровтың соңы"  ЖҚЖ  қызметкерлері көмегімен демалушыларды кемеге жақындатып, оларға бортқа көтерілуге көмектесті. Содан кейін ер мен әйелді жағаға жеткізілді, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Су скутерімен серуендау әрдайым қауіпсіз бола бермейді, сондықтан су скутеріне отырмас бұрын мынаны білу керек:
  • көліктің осы түрін басқару құқығына куәлік болуы қажет;
  • тиісті міндетті киім-кешек болу керек: құтқару кеудешесі, гидрокостюм; қорғаныс аяқ киімі, көзілдірік және қолғап ;
  • жақсы жүзе білу;
  • скутер аударылған кезде бастапқы күйіне қайтару дағдысын меңгеру.
Үзілді-кесілді мыналарға тыйым салынады:
  • скутерді мас күйінде басқару;
  • тәуліктің қараңғы уақытында скутерді пайдалану;
  • жағажай айдынында сырғанау;
  • егер жолаушылар өз орындарына отырмаса, немесе жүргізуші мен жолаушылар құтқару кеудешелерін кимеген болса, қозғалысты бастау.

ШҚО ТЖД азаматтардан демалу кезінде қырағылық және суға түсу кезінде шамадан тыс жауапкершілік танытуды сұрайды. Суда демалу кезінде жүріс-тұрыс ережелерін қатаң сақтау, жүзу шекаралары белгіленген жабдықталған жерде шомылу. 

Төтенше жағдай туындаған кезде "112" нөміріне қоңырау шалыңыз. 
Следующая →