ШҚО-да өткен демалыс күндері бес адам суға батып кетті
Демалыс күндердегі аптап кезінде ШҚО тұрғындары жаппай суға түсті. Тіпті суға түсуге тыйым салынған жерлерде де
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 4 шілдеде Шемонаиха ауданында понтон көпірінің жанында тыйым салынған жерде шомылып жүрген 30 жастағы ер адам суға батып кетті. Айта кету керек, бұл аймақта суға түсуге тыйым салатын 14 белгі бар, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
6 шілдеде Ертіс өзенінің бойындағы Серебрянск қаласында 2000 жылы туған жігіт суға батып кетті. Ол да тыйым салынған жерде жүзген.
Сол күні Семейде бір адам суға батып, тағы екеуі жоғалып кетті. Бірінші жағдай 5 шілдеде «Орленое гнездо» дәмханасының аймағында болған. Куәгерлердің айтуынша, екі адам Ертіс өзенін жүзіп өтіп, көзден ғайып болған.
Следующая →

- Жетінші құтқару бөлімшесінің қызметкерлері жағалауды тексеріп, сүңгуір жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп түсіндірді ШҚО ТЖД. - Су кеткендерді іздеуге әскери бөлімдер тартылды. Олар жағалау аймағын зерттеуді жалғастыруда.