Өскемен
облачно
+21°
  • Өскемен
    +21°
  • Алматы
    +26°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +30°
  • Актау
    +30°
  • Орал
    +30°
  • Қарағанды
    +21°
  • Көкшетау
    +20°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +30°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +27°
  • Туркестан
    +27°
  • Шымкент
    +28°
$
543.24
619.89
¥
75.33
6.78
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда аспаннан ұшақ құлады

Техникалық ақаулар мен қателіктердің кесірінен АН-2 ұшағы жерден көтерілгеннен кейін бірнеше шақырым ұшып барып, егін даласына құлады

Қызылорда облысында бортында екі ұшқышы бар Ан-2 ұшағы жексенбі күні егіс алқаптарын өңдеу кезінде құлап кетті, деп хабарлады республикалық Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
- 4 шілдеде сағат 07.00 шамасында АН-2 ұшағы Қызылорда қаласындағы Қарауылтөбе ауылынан 12 км қашықтықта күріш алқаптарын өңдеу кезінде апатқа ұшырады. Ұшып көтерілгеннен бірнеше шақырым өткен соң, шұғыл қондыру кезінде техникалық ақаулардың салдарынан ол далаға құлады, - деп хабарлады баспасөз қызметі. - Бортта 1954 және 1967 жылы туған екі ұшқыш болған. Олар ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, жағдайлары бірқалыпты деп саналады.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, ұшақ "Илиса" ЖШС-не тиесілі. Ұшақ апаты орын алуына байланыты ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің Азаматтық авиация комитетінде хабарланғандай, комиссия құрылды.
- Осы факт бойынша комиссия құрылды. Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің Апаттар мен оқыс оқиғаларды тергеу басқармасы тергеу жүргізеді, - делінген комитеттің жексенбіде жарияланған хабарламасында.
Департамент апатқа ұшыраған әуе кемесінің операторы "ELISA" қауымдастығы деп түсіндірді.
Следующая →