Семейде 14 жастағы жасөспірім суға батып кетті
30 маусым күні Семей қаласының құтқарушыларына Ертістегі демалушылар 2007 жылы туған баланының денесін жағаға алып шыққаны туралы хабар келген
Бірнеше жасөспірім тыйым салынған жерге суға түскен. Арасынан бір бала суға сүңгіп кетіп, бата бастайды. Жақын маңда жүрген демалушылар жасөспірмге көмектеспек болған. 14 жастағы баланың денесін жағаға алып шыққан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Оқиға орнына келген дәрігерлер де реанимациялық шаралар өткізіп, көмек көрсетті. Өкінішке орай, одан да еш нәтиже шықпаған.
Айта кету керек, Семейде бірде-бір жабдықталған жағажай жоқ. Сондықтан да қала тұрғындары рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға мәжбүр. ШҚО ТЖД қызметкерлері жабдықталмаған орындар шомылуға өте қауіпті екенін ескертеді.
Ертіс өзені бойындағы 10 жерге мамандар шомылуға тыйым салатын белгілерді орнатқан, атап айтқанда: Водный, пос. Восточный, Полковничий аралы, «Шіркеу», Затон (дамба және пирс), Парус аймақтары. Қазіргі уақытта қаланың сол жағалауында тағы 20 тыйым салу белгілерін орнату жоспарлануда.
Следующая →