ШҚО-дағы жан түршігерлік жол апатының мән-жайы белгілі болды
Қаза тапқандар бар, оның екеуі әлі кәмелеттік жасқа да толмаған
Қайғылы оқиға бүгін күндізгі сағат 12.45-те Өскемен - Алтай тас жолында болды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО Полиция департаментінің хабарлауынша, Volvo жүк көлігінің 37 жастағы жүргізушісі төмен түсе алмай, шұңқырға ұшып кеткен. Нәтижесінде полиция көліктің аударылып өртенгенін айтты.
Следующая →
ШҚО Полиция департаментінің хабарлауынша, Volvo жүк көлігінің 37 жастағы жүргізушісі төмен түсе алмай, шұңқырға ұшып кеткен. Нәтижесінде полиция көліктің аударылып өртенгенін айтты.
- Оқыс оқиға орнында мамандар көлік жүргізушісі мен үш жолаушының күйген денелерін тапты, олардың екеуі кәмелет жасқа толмаған. Олардың барлығы дене жарақаттарының салдарынан оқиға орнында қайтыс болды. Қайғылы іске қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтыруы» бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады ШҚО ПД.Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде апат орнында екі қайтыс болған адам табылғандығы туралы хабарланған болатын.