Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

АҚШ-та екі ұшақ соқтығысты, қаза болғандар жоқ

АҚШ-тың Колорадо штатында әуеде екі жеңіл ұшақ соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап

Денвер қаласының маңында Metroliner және Cirrus маркалы ұшақтары апатқа ұшырады. Алдын ала ақпарат бойынша, қақтығыс олар қонуға дайындалған кезде болған.

Төтенше жағдай салдарынан ұшақтардың бірі апатты қону кезінде қолданылатын парашютпен су қоймасының маңына түсуге мәжбүр болған. Екіншісі қатты зақымданғанына қарамастан Centennial әуежайына қауіпсіз қонды.

АҚШ-тың көлік қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық кеңесінің (NTSB) мәліметі бойынша, бірінші ұшақта ұшқыш пен жолаушы болған, екіншісінде тек ұшқыш болған. Олар зардап шеккен жоқ. Ешқайсы медициналық көмекке жүгінбеді.

- Ұшқыштардың әрқайсы дәл қазір барып лотерея билетін сатып алуы тиіс. Бәрі аман қалды, мұндайды ешқашан көргем жоқ, - деді округ шерифінің орынбасары Джон Бартманн.

Қазіргі уақытта оқиға орнына NTSB өкілдері жетті, тергеу жүріп жатыр.
Следующая →