Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Галина Денисова
Ақпарат көзі:
Устинка

Төрт еркек моторлы қайықпен қыдырамыз деп Ертіске ағып кете жаздады

Өздері аман қалған төрт ер адам құтқарушыларды көмекке шақырды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

3 мамырда сағат 18.44-те Өскеменде Ертіс өзенінде серуендеу кезінде моторлы қайық суға кетіп қалған оқыс оқиға болды. Прапорщиково ауылының төрт тұрғыны моторлы қайықпен өзен бойымен қыдырып жүргенде, қайық аударылып қалды.
- Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағының қызметкерлері қайық көмегімен ер адамдарды жағалауға жеткізіп, дәрігерлерге тапсырды. Олардың өміріне ешқандай қауіп жоқ екеніне көзіміз жеткізгеннен кейін, қайықты судан жағаға шығаруға көмектесті. Содан кейін зардап шеккендер қайықтарына қайтадан отырып, өздері тұратын Прапорщиково ауылына бет алды, - деп хабарлады  ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайларды бақылау департаментінің мамандары су айдынында жүріс-тұрыс ережелерін қатаң сақтау керектігін еске салады. Қайықпен жүргенде қауіпсіздік кецдешесін өзіңізбен бірге алып жүріңіз. Өзенге кірер алдында, құйынға түсіп кетпеу үшін жүрер жолдың бағдарын зерттеп алыңыз. Қайыққа көп адам мінгесіп отырмаңыздар.

Алкогольді ішімдіктерді ешқашан ішпеңіз. Төтенше жағдай кезінде бірден 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Следующая →