ШҚО тәртіп сақшылары жоғалған баланы екі сағатта тапты
Кеше кешке жақын Глубокое ауданының полиция бөліміне жоғалған баласын тауып беруін сұраған әйел арызданып келді
Оның айтуынша, түс әлетінде бес жасар баласы көзден таса болып, көрінбей кеткен. Іздеу жұмыстарына тәртіп сақшылары мен қызметтік иттер қатысып, балақай жоғалып кеткен ауданды, ол жүруі мүмкін деген көшелерді шолып шыққан.
Следующая →
- Екі сағаттың ішінде полицейлер баланы аман-сау күйінде тапты, ол тірі. Артынша белгілі болғандай, ата-анасы тұрмыс тірлігіне кірісіп кетіп, үй шаруасымен әуре болып жатқанда, ұлдары көрші үйдің баласымен ойнап, ауладан алыстап кеткен, - дейді ШҚО полиция департаментінде.Кәмелет жасқа толмаған кішкентай ұлдың әке-шешесі қоғамдық тәртіп сақшыларына жылдам әрекет етіп, нәтиженлі жұмыс жасағандары үшін алғыстарын жаудырып, көп рахмет айтты. Облыстық полиция қызметкерлері тұрғындарға көшеде ойнап жүрген балаларға бас-көз болуды, кәмелет жасқа толмаған балаларды қараусыз қалдырмауды ескертті.