Зайсанға батып кеткен балықшының денесі табылды
Өткен жылдың 20 қарашасында Зайсан көлінде екі балықшы іс-түссіз жоғалып кеткен болатын. Жоғалған тұрғындардан бар қалғаны көл бетіндегі қайық қана
Құтқарушылар Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылының екі ер азаматын 26 күн бойы іздеді. Сүңгуірлер алты метрден тоғыз метрге дейін тереңдікке 146 рет түсті. Іздеу шаралары жүргізілген жалпы аумақ 16 мың шаршыны құрайды.
Содан бес ай өткеннен кейін, 16 сәуірде ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 39 жастағы бір балықшының денесін олар батып кеткен жерден 30 шақырымдағы Кендірлік аймағынан тапты
Следующая →
Содан бес ай өткеннен кейін, 16 сәуірде ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 39 жастағы бір балықшының денесін олар батып кеткен жерден 30 шақырымдағы Кендірлік аймағынан тапты
- Іздеу шаралары үздіксіз жүргізілді. Көлді, Ертіс өзенін қайықпен кездік. Екінші балықшының денесін әлі іздеп жатырмыз, - дейді ШҚО ТЖД өкілдері.